KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Өскеменде жаңа мектептердің құрылысы қалай жүріп жатыр?

Фото: ШҚО білім басқармасы

26.02.2024, 12:22 184

ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева «Нұрлы жол» шағын ауданында салынып жатқан 599 орындық жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа білім беру ордасының жобасында кең оқу сыныптары, сабақтан тыс бос уақытты өткізуге арналған орындар, спорт залы, асхана және тағы да басқа қажетті залдар қарастырылған.

- Ішкі әрлеу жұмыстары қанық және ашық түсті болуы керек. Мұндай түстер оқушылардың эмоционалды жағдайына оң әсер етеді, - деп түсіндірді Инесса Чернышева.

Облыстың бас педагогы атап өткендей, жаңа мектеп кешенді қауіпсіздікте де, білім беру процесінде де барлық заманауи талаптарға сай болады.

                                                           

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив