KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Зайсанда құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді

28.02.2024, 15:00 162 Қызырбек Дүргінбайұлы

Елімізде құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып, жалпақ жұрттың қызығушылығын арттырып келеді. Тіпті, шетелден келіп тамашалайтын туристердің саны жыл санап артуда. Осылай түз тағысын туризмнің тетігіне айналдыруда.

Бұл тұрғыдан шығыс өңірі өнімді жұмыс істеп, құсбегіліктің мәртбесін биік ұстап отыр. Оған үлес қосып жүрген жандардың бірі – Зайсан ауданы Біржан ауылдық мәдениет үйінің қызметкері әрі құсбегі Боранбай Төлепбергенұлы. Ол бүгінгі таңда бірнеше құс баптап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Соңғы кезде Шығыс Қазақстан облысында құсбегілік өнер жақсы дамып жатыр. Облыс басшылығы да жақсы қолдау көрсетіп отыр. Ұлан ауданының Бозанбай ауылында биылғы қыста екі рет қансонар өтті. Зайсан ауданында да құсбегілік өнер қанатын кеңге жайып келеді. Әуелгіде құс ұстайтын біздің әулет ғана еді, қазір тағы екі бүркітші қосылды. Жастар арасында қаршыға және ителгі құсына деген қызығушылық артуда. Енді қатарымызға қаршыға мен ителгі баптайтын жас құсбегілер қосылып қалар деп үміттеніп отырмыз. Былтыр аудан әкімінің қолдауымен құсбегілердің шығыс турнирін өткізген болатынбыз, –  дейді құсбегі Боранбай Төлепбергенұлы.

Сондай-ақ бүркітші педагогикалық негізде әдістемелік кітаптар дайындап, құсбегілікті мектепте оқыту керектігін айтады.

Құсбегімен болған сұхбаттың толық нұсқасы «Дидар» газетінің алдағы санында жарық көретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив