Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарында су басу қаупі жоғары
pixabay.com
Алдағы демалыстарда облыстың солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында жаңбыр жауады.
Оның үстіне облыста күн жылына түспек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Казгидромет" ШҚОФ ақпаратынша, 9-10 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында (Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандары) жаңбыр жауып, сыртқы ауа температурасы көтеріледі.
Осы орайда ШҚО ТЖД су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертті.