KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Погондағы нәзік жандар арасында волейболдан жарыс өтті

pixabay.com

8.03.2024, 20:00 118 Назерке Каримова

Халықаралық әйелдер күніне орай Өскемен қаласының Полиция басқармасы волейболдан жарыс ұйымдастырды.

«Динамо» спорт кешенінде өткен спорт сайысына Полиция басқармасының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, №27943 әскери бөлімнің  және төтенше жағдайлар департаментінің командалары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Волейболдан жарыс Халықаралық әйелдер күнін атап өтудің тамаша тәсілі болды. Командалар көрермендерді жарқын сәттерімен қуантып, тамаша ойын мен спорттық рух көрсетті. Әр команда өзінің ең жақсы қасиеттері мен жеңіске деген ұмтылысымен ерекшеленді, - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ.


Турнир жеңімпаздары - №27943 әскери бөлімнің командасы, 2-орынды Өскемен қаласы Полиция басқармасының командасы, 3-орынды ШҚО ҚАЖД командасы иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив