KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Өскеменде «Қызыма хат» кітабының тұсаукесері өтті

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан

9.03.2024, 11:00 211 Назерке Каримова

«Қызыма хат» - барша қыздарға арналған тәрбие құралы.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен  Өскемен қаласының тұрғыны Нұрия Темірханованың «Қызыма хат» жаңа кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды  Altainews.kz сайтының тілшісі.

Тарбағатай өңірінің тумасы Нұрия Темірханова – әрдайым ізденісте жүретін, білімге, өмірге шексіз ғашық жандардың бірі, бүгінде Өскемен қаласындағы «Nur Sana» білім беру орталығын құрушы.

Оқырмандар жылы қабылдаған автордың тағы бір төл туындысы «Қызыма хат» деп аталады. Автор осы кітабы арқылы қызына ақыл-өсиетін әдемілеп жеткізіп, естеліктері арқылы ұлттық салтты да дәріптеген.

Кітапта қызы Іңкәрдің қалай дүниеге келгені, тәтті қылықтары да әңгімеге негіз етіп алынған. Үлкенді, ата-ана, ата-енені сыйлау, өзін қалаптастыру жайлы да жеткізе білген ана қазақтың мақал-мәтелдерін, ұлы сөздерін де әдемі үйлестірген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив