KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Үш адам иіс тиіп қайтыс болды – ШҚО

Фото: pixabay.com

11.03.2024, 17:13 120 Ынтымақ Толқын

Демалыс күндері ШҚО-да екі бірдей жер үйде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан улы газ таралған.

Соның салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, қайғылы оқиғаның бірі 8 наурызда Ұлан ауданына қарасты Мамай батыр ауылында болған.

- Жер үйде пеш пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан улы газ тарап, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Оның 51 жастағы ұлы ыс тию белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында, - делінген хабарламада.

Екінші оқиға Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында 10 наурызда болды. Пештен шыққан ыстың салдарынан 58 жастағы әйел мен 35 жастағы ұлы қаза тапқан. Ал 37 жастағы екінші ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив