ШҚО-да аруларға арналған «Қызыма хат» кітабы жарық көрді
Қазақ руханиятының қоржыны кез келген тақырыптағы кітаппен тола берсе, мұны артықтығы жоқ. Технологияға тегеурін боларлық рухания құндылықтар көбейсе ғана ұрпағымыз ұлағатты болмақ.
Оқырман қауымға жол тартқан «Қызыма хат» атты кітап арулардың тәрбиесі мен тәліміне арналып жазылған. Кітап авторы Нұрия Темірханова Өскемен қаласындағы «Nur Sana» білім беру орталығын құрушы ретінде елге таныс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа кітаптың тұсаукесері А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың төрінде өтті. Тарбағатайлық Нұрия Темірханова – әрдайым ізденісте жүретін, білімге құмар, өнерге ғашық жандардың бірі.
Оқырмандар жылы қабылдаған кітабында автор қызына ақыл-өсиетін әдемілеп жеткізеді, естеліктері арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптейді.
Фото: А.С.Пушкин атындағы кітапхана