Шығыста тағы қар жауады – Қазгидромет
Фото: Wirestock/Freepik
Наурыздың 12-сі мен 17-сі аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тұрақсыз ауа райы сақталады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалы гидрология бөлімінің бастығы Іңкәр Асқарова мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 12-17 наурыз аралығында түнгі ауа температурасы +6-дан –15 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз сынап бағанасы +10 мен –8 градус аралығында ауытқиды. Айдың үшінші онкүндігінде жауын-шашын көбінесе жаңбыр мен қар түрінде болады, дегенмен, ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.