KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазір мұз үстінде балық аулау қауіпті

ШҚО ТЖД

23.03.2024, 23:00 97 Назерке Каримова

Орташа тәуліктік температура нөлден жоғарылап, мұз жылдам еріп жатыр.

Осы орайда ШҚО ТЖД қызметкерлері азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының айтуынша,  ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік рейдтерін жандандырды.

Құтқарушылар азаматтарға балық аулау үшін өз өмірлеріне қауіп төндірмеу керектігін түсіндіруде. Барлығы 650 алдын алу рейді өткізіліп, 4200 адамға ескерту жасалды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив