KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да алданып қалған үлескерлерге қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын

Фото: shutterstock.com

29.03.2024, 22:15 184 Жанаргүл Мұқатай

Өскеменде 84 адамның ақшалай қаражатын иемденіп кеткен құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын.

ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында үлескерлік құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізіп, нәтижесінде облыс орталығындағы үш көп қабатты тұрғын үйді салушы ЖШС-нің проблемалық құрылыс салушы екенін анықтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тұрғын үйді салу үшін ақша қаражаты «Ертіс»  ӘКК АҚ арқылы бөлінген.

Аталған компания үлескерлік құрылысқа салуға рұқсаты жоқ бола тұра үлескерлердің ақшасын пәтерлерді алдын ала брондау ретінде үй алуға тартқан .

Азаматтардың сенімін пайдалана отырып, компания сомасы 1 млрд 118 млн теңгені құрайтын 84 адамның ақшалай қаражатын иемденіп кеткен. ЖШС басшысы былтыр қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс аяқталуға жақын.

- Үлескерлердің жағдайы бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты ШҚО әкімдігімен бірге басқа әлеуетті инвесторларды тарта отырып, құрылыс объектілерін, үйлерді аяқтау бойынша нақты шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта «Ертіс» ӘКК» АҚ басқа құрылыс салушыны тартып, құрылыс жұмыстары жалғасуда, - деді ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу