ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді
ШҚО ТЖД
Облыста жалпы ұзындығы 135 км болатын 72 канал, ұзындығы 376 км құрайтын 448 арық, жолдағы 1735, темір жолда 90 су өткізетін құбыр, 277 көпір тазартылды. 369 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Өңірдегі су қоймаларына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.
Құтқарушылар су тасқыны қауіпті аудандарда тұратын тұрғындарға су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндіруде.
Алтай ауданында алдын алу жұмыстары жалғасуда, көмекке келген ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Айта кету керек, облыста су тасқыны болуы мүмкін аумақтарды қоса алғанда, барлық ықтимал қауіптер картасы әзірленді.