KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность Штиль
497.89 525.12 5

ШҚО-да әлі 61% қар жамылғысы жатыр

ШҚО ТЖД

7.04.2024, 12:30 267 Назерке Каримова

Облыста күн жылынып, қар жылдам еріп жатыр. Сол себепті су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Облыстағы су қоймалары тәулік бойы бақылауда, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Риддер қаласы, Катонқарағай, Шемонаиха, Марқакөл, Глубокое аудандары, сондай-ақ Үлкен Нарын және Алтай аудандарында қауіп жоғары.

Алтай өңіріндегі профилактикалық жұмыстарға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты №68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қосымша тартылды.

- Облыста су тасқыны болуы мүмкін аумақтарды қоса алғанда, барлық ықтимал қауіптер картасы әзірленді, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Жағдай ушығып кетсе, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарынан 2270 адам, 732 техника, сондай-ақ 61 жүзу құралдары мен 234 мотопомпа жасақталды.

Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын 153 уақытша орналастыру пунктін дайындады.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін естеріңізге саламыз.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу