KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Аң аулау маусымы басталды – ШҚО

Фото: visitpinedale.org

9.04.2024, 09:23 89 Ержан Әбіш

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыс аумағында аң аулау маусымының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі кезде жануарлардың келесі түрлерін аулауға рұқсат беріліп отыр:

Үйрек (1 наурыз бен 15 мамыр аралығында 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аталықтарын аулауға рұқсат етіледі).

Жылқышы құсы (1 наурыз бен 30 сәуір аралығында 15 күннен аспайтын мерзімге аталықтарын аулауға рұқсат етіледі).

Қарақұйрық (10 сәуір мен 15 мамыр аралығында 15 күннен аспайтын мерзімге аталықтарын аулауға рұқсат етіледі).

Саңырау құр (10 сәуір мен 15 мамыр аралығында 15 күннен аспайтын мерзімге аталықтарын аулауға рұқсат етіледі).

Қоңыр аю (15 сәуір мен 15 мамыр аралығында 15 күннен аспайтын мерзімге аталықтары мен қысыр аналықтарын аулауға рұқсат етіледі).

– Біз әуесқой аңшыларды аңшылық шаруашылықтарының аң аулау ережесін бұзбауға, ал қорық қызметкерлерін «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 заңның 27-бабына сәйкес от жағу, атыс қаруын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша әуесқой аңшыларға нұсқау беруге шақырамыз. Өйткені 8 сәуірден бастап еліміз бойынша өрт қауіпті мерзім басталды, – деп ескертеді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив