ШҚО-да бірнеше ауыл таратылады
фото: depositphotos.com
Бүгін өткен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында Глубокое мен Тарбағатай аудандарындағы бірнеше елді мекеннің статусы өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес, ШҚО-ның әкімшілік-аумақтық құрылысына бірқатар өзгеріс енгізілді.
Атап айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтай мен Верхнеберезовка кенттері ауыл санатына жатқызылатын болды. Сондай-ақ Калинино, Сметанино ауылдары мен Аврора стансасы таратылып, өзге қоныстар санатына жатқызылмақ.
Сол сияқты, таратылып, өзге қоныстар санатына ауысатын елді мекендер қатарында Тарбағатай ауданындағы Сағындық, Өтеген, Жаңғызтөбе ауылдары да бар.