KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Самар ауданында дәмхана өртенді (видео)

шартты сурет: depositphotos.com

17.04.2024, 15:04 77 Қызырбек Дүргінбайұлы

Самар ауданынының Құлынжон ауылында жол бойында орналасқан дәмхана өртенді. Оқиға 16 сәуірде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, электр пешін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан өрт тұтанған.

– 16 сәуір күні кешке Құлынжон ауылындағы дәмханада өрт шыққаны туралы хабар түсті. Қызметкерлер  185 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндірді. Ешкім зардап шеккен жоқ,  – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖД мамандары кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Кез-келген нысанда өрт дабылы, өрт сөндіру құралдары болуға тиіс. Электр желісіне шамадан тыс салмақ салуға және ақауы бар электр құрылғыларын пайдалануға болмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив