KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Бұқтырма жағасында үй өртенді

Фото: ШҚО ТЖД

6.11.2023, 15:58 148 Оразай Жеңісұлы

Бұқтырма өзенінің жағасында орналасқан екі қабатты үй өртенді. Оқиға таңғы сағат жеті шамасында болған. Өрт бір шатыр астындағы гаражға тиіп, гаражда тұрған квадроциклді де жалын шарпыған.

Төтенше қызмет өкілдері 120 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндірді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Өртті сөндіруге 11 маман, 5 техника жұмылдырылды. Адам шығыны және зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағандықтан болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:

- Розеткаларды, штепсельдерді және сымдарды үнемі тексеріп отырыңыз. Оқшаулаудың қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан сымдарды пайдаланбаңыз;

- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

 - Құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген токқа қойылатын талаптарға назар аударыңыз

- Есіңізде болсын, егер бірнеше электр құрылғылары бір розеткаға бірден қосылса, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін;

- Ақауы бар розеткаларды пайдаланбаңыз;

Егер қандай бір құрылғыны электр қуатына қосқан кезде жарық күңгірт болса, желі жүктемесі шамадан тыс артып кетті дегенді білдіреді. Бұл өрттің бірінші «хабаршысы».

- Үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив