Тарбағатай ауданы Төсқайың ауылына воркаут алаңын салып береді
Жаңадан құрылған Марқакөл ауданына көрші аудандар қолдау көретіп жатыр. Тарбағатайлықтар шекара түбіндегі Төсқайың ауылына воркаут алаңын салып беретін болды.
Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев, мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов бастаған делегаттар Марқа өңірінің тыныс-тіршілігімен танысуға келгенде мәлім болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Барқытбелдің баурайынан ат терлетіп жеткен қонақтар ауылдастарының ыстық сәлемімен бірге тарту-таралғысын да ала келіпті. Оның ішінде балаларға арналған кітаптар, ойыншықтар, тәтті-дәмділер мен басқа да қажетті заттар бар. Көктемгі тасқын кезінде аса қажет дүниенің бірі мотопомпа тарту етті.
Бұл жағымды жаңалық Төсқайың ауылының тұрғындарын ерекше қуантты. Марқакөлдік ағайын көрші ауданның көмегіне шексіз ризашылықтарын білдірді.
Қуаныш Рахметоллаұлы