KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да күніне 10-15 рет өрт шығады

pixabay.com

9.05.2024, 12:00 79 Назерке Каримова

ШҚО ТЖД күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күніне шамамен 10-15 рет өрт оқиғасы тіркеледі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі

Өңірде өрт қаупі жоғары маусым басталғалы құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

- Жағдайды тұрақтандыру және тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру үшін мамандар мен еріктілер жиі от шығатын саяжайларға профилактикалық рейдке шықты. Халыққа жазда аумақтарда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі түсіндірілді. Құтқарушылар дронды да пайдалануда. Соның арқасында 200 метрге дейінгі биіктіктегі өртті жылдам анықтауға болады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.


Рейд нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 1 адам ҚР ӘҚБтК-ның 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Басты міндетіміз – ірі өрттердің, адам шығынының алдын алу. Кейде азаматтар саяжайдағы көршісінің от жағуынан зардап шегеді. Сол үшін біз өрттің қаншалықты қауіпті екенін және қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігін түсіндірудеміз, - дейді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив