KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-ның екі ауданында жарық өшіп қалды

сурет: blogs.law.columbia.edu

13.03.2024, 09:35 78 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңіріндегі алты елді мекенде жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

«БЭСК» АҚ ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы сағат 7.54-те апаттық жағдай туындап, ӘЖ-110кВ электр беру желісі қуат көзінен ажыратылған. Сондықтан Катонқарағай және Үлкен Нарындағы 6 елді мекенге (Өрел, Берел, Катон, Солдатово, Алтынбел және Майемер ауылдарындағы абоненттер) энергия беру уақытша шектелді.

«Апаттың салдарын жою үшін «Біріккен энергосервистік компания» АҚ жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Дәл қазір екі жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив