ШҚО-ның ең шалғай ауылдары да Интернетке қосылады (видео)

фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында халықты сапалы мобильді байланыспен және интернетпен қамту бойынша ауқымды бағдарлама басталды. Жуырда өңірде байланыс сапасын жақсартуға және шалғай ауылдарды Интернетке қосуға мүмкіндік беретін 49 антенна орнатылады. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауылдар мен танымал туристік аймақтарға ерекше назар аударылады.
Өңір басшысы ауылдарда 19 антенна, республикалық жолдардың бойына 30 антенна орнатуды тапсырды.
Танымал демалыс орындарына апаратын жолдардың көп бөлігінде байланыс пен интернеттің болмауы туристер үшін қолайсыз және апаттар кезінде елеулі проблема туғызады. Сапалы интернет пен ұялы байланыс пайда болғанда өңір тұрғындары мен қонақтары қажет кезде шұғыл қызметтермен жедел байланыса алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз өңірдің 170 мектебіне Starlink терминалдары орнатылып, оқу орындарынан 200-400 метр радиуста тұратын жұртшылық та жылдам Интернетке қол жеткізетінін жазған болатынбыз.