KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да бүгін сирена іске қосылады

23.11.2023, 12:40 159 Оразай Жеңісұлы

«Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Шығыс Қазақстанда сағат 12:55 электр сиреналары және сөйлеу құрылғылары іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сирена – «Баршаның назарына!» дегенді білдіреді. Егер сіз жұмыста, қоғамдық жерде, көшеде жүріп сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, ұялы телефон арқылы радионы дереу қосу керек. Үйде отырып сигналды естігенде, теледидарды дереу қосып, ақпаратты мұқият тыңдау керек. Сирена дыбысы естілгенде дүрбелең туғызбай, көрші-қолаңға да хабар берген жөн. Мұны балаларға да түсіндіріп айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив