KZ
Өскемен
+13°
ясно Штиль
474.57 513.63 5.53

Катонқарағайда әуежай салына ма?

Фото: depositphotos.com

4.07.2024, 10:41 91 Ынтымақ Толқын

Катонқарағайдың көзтартар табиғатын тамашалау үшін алыс жолды автокөлікпен еңсерудің керегі болмауы мүмкін.

Астана мен Алматыдан аталмыш ауданға тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқылануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Катонқарағайдың туристік әлеуетін арттыру және демалушылар мен шетелдік қонақтардың келуіне жағдай жасау мақсатында логистикалық ірі жоспар іске аспақ. Еліміздің оңтүстік және солтүстік астаналарынан ашылатын тікелей әуе рейстері аудандағы әуежай жаңғыртылғаннан кейін жүзеге асады. Жоба Pana Asia қонақ үй бизнесінің ірі халықаралық операторымен бірлесіп жүргізіледі деп жоспарланған.

– Аудан әкімдігі топотүсірілім, температуралық режім, желдің бағыты, жерасты суларының деңгейі сынды бастапқы деректерді жинауға кірісіп кетті. Тиісті барлық ақпаратты алғаннан кейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ және «Қазаэронавигация» РМК мамандары жобалауға қолайлы ұшу-қону жолағының ұзындығын және пайдаланылатын ұшақ түрін ұсынатын болады – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив