Катонқарағайға әуе рейсін ашудың жолын қарастырамыз – ШҚО әкімі
Катонқарағай ауданы – туризм саласын дамыту жағынан өңірдегі ең әлеуеті жоғары аудандардың бірі.
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында аталған ауданда әуе қатынасын жолға қою мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Катонқарағай өңірінде жаңа әуежай салу – жіті зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе. Өйткені өңірде кеңес дәуірінде салынған ескі әуежай бар. Өткен кезеңде біраз ауданда әуе қатынасы жолға қойылған еді.
Аймақ басшысы атап өткендей, азаматтық авиацияның жаңа ережелеріне сәйкес мұндай нысандарда тиісті қызметтердің жұмысын ұйымдастыру қажет. Тиімділік жолаушылар ағынына тікелей байланысты болады.