KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Алғабастағы алғашқы үйдің құрылысы аяқталып қалды

17.07.2024, 14:03 96 Ержан Әбіш

Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бүгінгі таңда көпбалалы отбасыларды үймен қамту – басым міндеттердің бірі. Мемлекеттік деңгейде баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламалар әзірленіп, іске асуда.

Биыл өңірімізде көпбалалы отбасыларды және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарды үймен қамту жұмыстары жанданды.

Алғабас ауылында осы жоба шеңберінде мұқтаж азаматтар үшін бір пәтерлі алғашқы үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив