Жаңа Бұқтырма кентінде моншадағы өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ
Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 10 шаршы метр алаңда монша өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
– Өрт сөндірушілердің күшімен жалын толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз