ШҚО балық өндірісі бойынша елімізде екінші орын алады
Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысы балық өндіру жөнінен республикада екінші орын алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Шығыс Қазақстан облысы балық өндірісі бойынша республикада екінші орында. Бізде қара уылдырық, бекіре, форель өндіріледі, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев бүгін өткен облыс әкімдігінің мәжілісінде.
Балық өндірісін ұлғайту үшін облыста барлық мүмкіндік бар. Жергілікті атқарушы билік тарапынан жан-жақты қолдау шаралары көрсетілуде.
Оқи отырыңыз