Риддер маңында сирек металдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Фото: depositphotos.com
Жыл басынан бері елімізде жер қойнауын геологиялық барлау саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Айталық, 80 нысанда кең ауқымды зерттеу жүргізіліп, оларға 7,6 млрд теңге бөлінген. Жұмыстар түрлі бағытты қамтиды, оның ішінде дайындық және тақырыптық зерттеулер, геологиялық карталау, аумақтарды гидрогеологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстары бар.
Қазақстан аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2026 жылға дейін 2,2 млн шаршы км-ге дейін ұлғайтуға ерекше назар аударылуда. Арқалық, Риддер, Хромтау, Жезқазған және Балқаш моноқалалары маңындағы 12 учаскеде сирек металдарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.