KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтті

2.08.2024, 17:21 94 Ержан Әбіш

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 1-2 тамыз күндері өкпе обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтті.

Бұл күндері облыстың 60-тан астам тұрғыны жолдамасыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан мамандардан кеңес алды. Жеті адам КТ-дан өтті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда өкпе обыры онкологиялық аурулар құрылымында үшінші орында және өлім-жітім бойынша бірінші орында. Онкопатология ерте кезеңде емделеді, бірақ бұл кезеңде ауру өзін көрсетпейді және оны тек тексерумен анықтауға болады. Сондықтан қазақстандықтарға жылына бір рет флюорография, рентген немесе кеуденің компьютерлік томографиясынан өту қажет.

Ашық есік күндері онкологиялық орталықта ай сайын өтеді. Онкологтар тұрғындарға қатерлі ісіктің алдын алу бойынша кеңес береді, тексеру жүргізеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив