KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Жыл басынан бері ШҚО-да 5 адам суға батып кетті

Фото: depositphotos.com

6.08.2024, 17:08 60 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының брифинг барысында хабарлағандай, жыл басынан бері облыс су айдындарында 5 адам, оның ішінде шомылу маусымында 3 адам суға батып кетті. ТЖД бөлімшелері 18 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті 63 құтқарушы-дружинникті оқытты, 2100-ден астам алдын алу рейді өткізілді. Бұқтырма су қоймасында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мобильді және жылжымалы бекеттер орнатылды.

Жыл басынан бері судағы қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 1580 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары демалушыларды шомылу үшін тек жабдықталған орындарды таңдауға, суға шыққанда міндетті түрде құтқару жилетін киюге, қайықты шамадан тыс жүктемеуге және қараңғы уақытта өзендер мен көлдерде бармауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив