KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Асубұлақ орман шаруашылығындағы өрт оқшауланды

Фото: ШҚО ТЖД

9.08.2024, 17:15 112 Мадина Амангелдіқызы

Ұлан ауданында Асубұлақ орманшылығының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

Өрт орманның биік таулы жерінде тіркелген екен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өртті сөндіру жұмыстарына «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ орман күзетінің күштері де тартылған.

Қазіргі уақытта өрт 0,1 га аумақта оқшауланды.

Өрт найзағай түсу салдарынан тұтануы мүмкін деген алдын ала ақпарат беріп отыр ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив