ШҚО-дағы жел ұшырып кеткен мектеп шатыры жаңа оқу жылына дейін жөнделеді
Бүгін, 10 тамызда, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с дейін жеткен қатты жел соқты. Нәтижесінде Новоявленка ауылындағы №33 мектеп шатыр жабындысының жартысын жел ұшырып кетті.
ШҚО білім басқармасы мәлімдегендей, қатты жел салдарынан мектептің спорт залының төбесі бүлініп, асхана мен акт залындағы терезелер сынды. Мекеме оның барлығын жөндеуге қажетті материалдар бар және жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалыпқа келтірілетіндігін атап өтті.
- Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Балалар жайлы әрі қауіпсіз мектепте сабақтарын бастау үшін барлығы уақтылы жөнделеді, - деп атап өтті басқармадағылар.
Оқи отырыңыз