Биыл су айдындарында 24 азамат қауіпсіздік ережесін бұзды
ШҚО-да шомылу маусымы басталғаннан бері рұқсат етілмеген жағажайларда 3 адам суға батып кетіп, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 18 азаматтың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда, демалушыларға профилактикалық нұсқамалар өткізу, полицейлермен және еріктілермен бірлесіп мониторинг және патрульдеу ұйымдастыру арқылы бүгінгі таңда 2400-ден астам рейд жүргізілген.
ШҚО ТЖД азаматтарды судағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- Тыйым салу белгілеріне назар аударып, тек жабдықталған жағажайда ғана шомылыңыз;
- Балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қалқымалардың артында жүзбеңіз;
- Алкогольді ішімдік ішуге жол бермеңіз;
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.
Фото: ШҚО ТЖД