Терроризмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды – ШҚО
Фото: depositphotos.com
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық сотының үкіміне қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды. Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды, – делінген деректе.
Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.
Оқи отырыңыз