KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Коммуналдық кәсіпорындардың берешегі 1,5 миллиард теңгеден асты – ШҚО

Фото: depositphotos.com

23.08.2024, 15:09 144 Ержан Әбіш

Облыстағы коммуналдық кәсіпорындардың дебиторлық берешегі қазіргі кезде 1 579 млн теңгеге жетіп отыр, оның ішінде үш айдан астам берешек сомасы – 864 млн теңге. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлімдеді.

– Қалалар мен аудандар әкімдіктері бекіткен кестелерге сәйкес жоспарланған 1 406,1 млн теңгенің 542 млн теңгесі өндірілді. Әсіресе, Риддер қаласы, Зайсан және Ұлан аудандары әкімдіктері дебиторлық берешекті өтеу жөніндегі жоспарды орындамай отыр, – деді басқарма басшысы.

Жалпы кредиторлық берешек – 928 млн теңге, оның ішінде электр энергиясы – 562 млн теңге, көмір – 12 млн теңге, басқалары – 353 млн теңге.
Электр энергиясы үшін ең көп берешек Глубокое ауданындағы «Теплоэнергия» КММ-де (109 млн теңге) және Алтай қаласындағы «Тепловодоцентраль» КММ-де (82 млн теңге).
Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қарыздарды өтеу кестесіне сәйкес коммуналдық кәсіпорындардың 959 млн теңге берешегі өтелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу