KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 2 м/с, З
480.5 534.22 5.18

ШҚО полицейлері балаларға мереке сыйлады

29.08.2024, 14:06 76 Ержан Әбіш

ШҚО полицейлері Білім күні қарсаңында балаларға ұмытылмас мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйекке орай тәртіп сақшыларының балалар үшін арнайы дайындаған қызықты бағдарламаларына ШҚО ПД қызметкерлерінің 100-ден астам баласы қатысты. Жас қонақтардың назарына тәртіп сақшылары полиция көліктерін, қару-жарағын, қорғаныс құралдарын, концерттік және ойын алаңдарын, кәсіби аниматорлардың өнерін көрсетті, сондай-ақ тәттілер таратылды.

Мерекеге жиналғандарды ШҚО ПД бастығының орынбасары Серік Манапов құттықтады.

– Бүгін – өмірлеріңдегі ең маңызды күн. Жаңа жолға – білімге апаратын жолға қадам басасыңдар. Балалармен бірге олардың ата-аналары, аталары мен әжелері де әрдайым алаңдайды. Бастаған қадамдарың жағымды эмоцияларға толы болсын! – деді полицей.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері полицейлер жұмысының қаупін, автоматизмге дейін жетілдірілген, қылмыскерді атыс және суық қарумен залалсыздандыру тәсілдерін көрсетті.

Сонымен қатар полицейлер балалармен жол жүріс қағидаларын, қоғамдық көлікте, автомобильде жүріс-тұрыс ережелерін қайталап, жарық шағылғыстырғыш элементтерді кию қажеттігі, жолдағы қауіпсіздік туралы әңгімелесті.

Балалар тіпті Segway гироскутеріне де мініп, өздерін нағыз инспектор ретінде сезініп үлгерді. Арнайы шақырылған аниматорлар балаларға қызықты ойындар дайындап, мерекелік атмофераны ерекшелей түсті.

Балаларының қуанышты жүзін көрген ата-аналар полиция басшылығына мерекелік көңіл күй үшін алғыс айтты.

Биыл өңірде ата-анасы полицияда қызмет ететін 220 бала мектеп парталарына алғаш рет отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив