Сәуле Рахметуллина: Басымдық техникалық мамандықтарға беріліп отыр
Бүгін Шығыстағы іргелі оқу орындарының бірі – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық көру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер, магистранттар, докторанттар БАҚ өкілдеріне Жолдауда айтылған маңызды міндеттерге қатысты өз ой-пікірлерін жеткізді.
Аталмыш жоғары оқу орнының ректоры Сәуле Рахметуллинаның айтуынша, ШҚТУ инженерлік кадрларды дайындауға үлес қосып келеді. Жыл сайын бұл университетке 2 мыңдай студент түседі. Сонша білікті мамандар даярланып шығады. Түлектердің 98 пайызы жұмысқа орналасады.
Жолдауда бізге қойылған мақсаттар өте маңызды. Біз кадрлар сапасын жақсартып, халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыс істейміз.
Мемлекет басшысы шетелдік 28 университеттің Қазақстанға келгенін айтты. Оның ішінде біздің университетте де «Лу Бань» шеберханасы ашылды. Осы күзде Қазақ-неміс ғылым және технология институтын құрамыз. Осылайша халықаралық стандарттарды енгізіп, сапаны көтеруіміз керек.
Біз мектептен бастап өз өңіріміздегі және өзге облыстардағы да балалардың инженерлік мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, оларды университетке тартуда көп жұмыс атқарып жатырмыз, – деді оқу орнының басшысы.
Фото: Нелли Петенева