KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Ұлттық ұлан сарбазы қоғам дертімен күресіп жүр - ШҚО

27.03.2024, 13:10 142 Анель Слямғазықызы

Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Ерғали Издрганның өмірлік ұстанымы жауынгерлік қызметімен үндеседі. Ол әскер қатарына шақырылмай тұрып, синтетикалық есірткіге қарсы шаралардың ұйытқысы болған екен. 
Ерғали Издрган есірткі тасымалдаушының жолын кесу мақсатында батыл қадамдарға барған. Бүгінде сарбаз атанып, Өскемен қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Қоғамда болып жатқан оқиғаларға селқос қарамай, онымен күресу - болашақ ұрпақ қамын ойлаған жанашыр азаматқа тән дүние. Қаруластар арасында үлгі атанған сарбаз Ерғалидің жауынгерлік әзірлігі жоғары деңгейде, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев. 

Түркістан облысынан шақыртылған сарбаз қырандай қырағы. Есірткі тасымалдаушы жасырған тығындыны табу жолында бұрыш-бұрышқа көз тастап, әрбір күдікті көрінген аймақты жіті бақылайды.

 - Синтетикалық есірткі – қоғам дерті. Менің мақсатым - нашақорлықтың алдын алу. Бұл нашаның тұзағына менің таныстарым да ілінді. Сондықтан мен қала тұрғындарының арасынан күдікті көрінгендерді ерекше назарда ұстап, міндетті түрде қадағалаймын. Осы орайда Отан алдындағы борышымды Ұлттық ұлан қатарында өткеріп жатқаныма  қуаныштымын. Алдағы уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметші атанып, жауынгерлік қызметімді ары қарай жалғастырғым келеді, - дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Ерғали Издрган.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив