KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

2.10.2024, 09:59 106 Ержан Әбіш

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы зейнеттегі әріптестерін Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Зора Асылбаева облыстық әлеуметтік қорғау басқармасында 25 жылдан аса уақыт есепші болып қызмет еткен. Ол – зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу және есептеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылу жолында еңбек еткен білікті маман.

77 жасқа келген зейнеткер салауатты өмір салтын ұстанып, елдегі әлеуметтік жағдайға қатысты жаңалықтарды өткізбей бақылап жүр.­­­

– Күн сайын Ертіс жағалауымен бес шақырымдай жүремін, йогамен айналысамын, жаттығу залына барамын. Кезінде біз енгізген зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу және есептеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жүйелі жұмысын көріп, біздің қолымыздан үлкен іс келгенін, ауқымды жобаны сәтті еңсергенімізді түсінемін, – дейді Зора Асылбекова.

Еліміздің әлеуметтік саласына еселі үлес қосқан зейнеткер жастарға өмірдің көтеруі мен құлатуына сынбай, іштегі өзекті сақтауға кеңес берді.

Қарттар күні есігі қағылып, құрмет көрсетілгеніне көңілі көншіген зейнеткерлердің бірі ­– Шаезанда Джурбаев. Ол қайтақұру кезеңінде қызмет етіп, елдегі коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру мәселелерін реттеуге орасан зор үлес қосты. ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында 2001 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекақы төлеу бөлімінің басшысы ретінде 10 жыл жұмыс істеп, лайықты зейнеткерлікке шықты.

Қарттар күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары әлеуметтік қорғау саласының 28 ардагерін құттықтады.

– Зейнеттегі әріптестерімізді Қарттар күнімен құттықтап жатырмыз. Талай жылдарын әлеуметтік қорғау саласына арнаған зейнеткерлерімізді ұмытпай, оларға көңіл бөлу біз үшін өте маңызды. Әріптестеріме еңбектері мен адалдықтары үшін ризашылығымды білдіремін, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы Гүлнара Ескендірова.

 Ақерке Рағызбаева

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив