KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Дәстүрлі орыс фольклорының «Беловодье» халықаралық фестивалі өтті

11.10.2024, 18:30 1 177 Қуаныш Рахметоллаұлы

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында XXII Халықаралық «Беловодье»  орыс дәстүрлі фольклоры фестивалі өтті.

Биылғы «Беловодье» фестиваліне әншілік, хореографиялық бағытта өнер көрсететін 25 ұжым мен жеке орындаушылар, сондай-ақ қолданбалы өнер шеберлері қатысты.

Өнер фестиваліне  Шығыс Қазақстан және басқа да өңірлердің шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Новосібір мен Барнаулдан келген өнерпаздар қатысты.

“Біз әрқашан қонақтарды қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл ерекше атмосфераны тудырады, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Кеше салтанатты ашылу және дәстүрлі кешкі кездесу өтті — мұнда жастар жиналып, әндер, халық билері мен гармон дыбысы естілді, — деді музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің маманы Екатерина Семибратова.

Фестиваль 22-ші рет өткізілуде. Бүгінде әртүрлі өңірлер мен шекаралас аумақтардың өкілдерін біріктіретін алаңға айналды. Барнаулдан келген қонақтар өткізген халықтық билер, қолөнер, сондай-ақ тоқу және ағашқа ою-өрнек салу бойынша сабақтар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.  Алтай өлкесінің халықтар үйінің фольклор маманы Ирина Красильникова фестивальде дәстүрлі фольклорын сақтап жүрген жандарды көрумен, тәжірибе алмасу мүмкіндігімен құнды екенін атап өтті.

“Біз фольклорлық ансамбль әдістемесі бойынша шеберлік сабағын өткіздік, дәстүрлі дыбыспен жұмыс істеу ерекшеліктерін талқыладық. Мұндай іс-шаралар қазіргі әлемде халықтық мәдениеттің түпнұсқалығын сақтауға көмектеседі, — деді  ол.

Ал Павлодар облысының казак ансамблінің мүшесі Сергей Князев «Беловодье» фестиваліне үшінші рет қатысып жатқанын, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

“ Бұл фестивальге ерекше ықыласпен келеміз.  Кейбір қатысушылармен дос болып кеттік. Халықтық дәстүрлерге қызығушылық танытатын жастарды көргенде қуанып қаламыз. Жастардың мәдени мұраны құрметтеуді жалғастырғанын қалаймыз”, — деп ағынан жарылды Сергей Князев.

Жыл сайын фестивальге қатысушылардың саны артып, географиясы да кеңейіп келеді. дәстүрлі мәдениетті, өнерді сақтауда ерекше шара екенін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жеткізді.

“Әр ұлттың өнеріне, мәдениетіне, біз ерекше көңіл бөлу керекпіз. Фестивальдің ауқымы кеңейіп, жан-жақтан қонақтар келуде. Бұл өз кезегінде туризмнің дамуына да сеп болмақ. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, аға буын өкілдері өнерін жеткізу керек. Біз осы дүниеге назар аударамыз”,-деді Ербол Нұрғалиев

Фестивальге қатысушыларға облыс әкімі Ермек Көшербаевтың атынан халықтық өнерді сақтауға  және насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу