KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғыны 20 жылдан кейін жеке куәлігін алды

depositphotos.com

10.10.2024, 12:00 107 Айна Ескенқызы

2024 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жоғарғы комиссар басқармасы және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі бірлесіп, елімізде тұратын азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша акция өткізіп жатыр. Осы акция барысында 20 жылдан астам уақыт бойы ешқандай құжаты болмаған азамат жеке бас куәлігіне қол жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері бұған дейін үш азаматтың өмірін өзгертіп үлгерген. Солардың бірі – көптеген жылдар бойы Өскеменде тұрып  келе жатқан Павлодар облысының тумасы.

– 20 жылдан астам уақыт бойы ер адам құжаттарының болмауына байланысты қиындықтарға тап болған. Өкінішке орай, денсаулығына байланысты оны уақытында ала алмаған. Алайда, барлық қажетті анықтамаларды жинаған полиция қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында ол көптен күткен жеке куәлігін алды. Енді ер адам медициналық көмекке жүгініп, ресми жұмыс таба алады, бұл жаңа өмірге алғашқы қадам жасалғанын білдіреді, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

ШҚО полиция департаменті  қөші-қон басқармасының қызметкерлері егер сізде 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты немесе тек туу туралы куәлігі болып, жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болмаса, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан полиция департаментінің көші-қон басқармасына дереу хабарласу керектігін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу