KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскемендегі Бобровский өткелі бір күнге жабылады

"Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС

Кеше, 11:00 43 Назерке Каримова

Теміржолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Осыған байланысты № 6, 6б, 32 бағыттағы автобустардың қозғалыс кестесі тура және кері бағытта уақытша өзгереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Темір жолда күрделі жөндеуге байланысты 18 қазанда сағат 05.00-ден 17.00-ге дейін Өскемен-1 – Коршуново учаскесінің 248-ші шақырымындағы Вешный тұйық көшесі ауданындағы теміржол өткелі (Бобровский өткелі) жабылады, - деп хабарлады "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС. - Сондықтан № 6, 6б, 32 бағыттағы автобустардың қозғалыс кестесі тура және кері бағытта уақытша өзгереді. Теміржол өткелі арқылы автокөліктер "Ескі Подхоз" аялдамасы ауданында Абай даңғылынан солға қарай Безымянный тұйық көшесіне дейін жүріп, кейін маршрут айналма тас жолына түседі, Бобровский өткелінен Вешный тұйық көшесі бойында негізгі бағытқа оралады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив