KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Ауылға келген маманға үй беруге дайын - ШҚО

5.03.2024, 12:00 505 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл Катонқарағай ауданының екі ауылында медициналық пункт салынбақ. Майемер және Барлық ауылдарында бой көтеретін медициналық пункттердің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама алынған.
Аталған екі ауылға медициналық пункт салу үшін 350 млн теңге шамасында қаржы қарастырылған. Алайда аудандағы аурухана құрылысының мәселесі шешілгенмен, мамандар тапшылығы туындаған. Аудан әкімінің айтуынша, дәрігер тапшылыға бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Аудан орталығында үлкен аурухана жұмыс істеп тұр. Жеке аудан болып қайта құрылып жатқандықтан мамандар тапшылығы бар. Әсіресе медицина мамандары жетіспейді. Медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарына сұраныс жібергенбіз. Кадрлар келіп жатса қуана жұмысқа алар едік. Біз 2022 жылы аурухана жанынан дәрігерлерге арнап үй салғанбыз, соның біреуі қазір бос тұр. Жас мамандар келсе беруге дайынбыз, – дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан.

Сондай-ақ аудан әкімі Үштөбе, Новохайрузовка ауылдарынағы медициналық пункттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын да айтып өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу