ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар кезең басталды
Шығыс Қазақстан облысы қар көшкіні қаупі жоғары өңірлердің бірі болып саналады. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мәліметінше, бұл аймақта 325 қар көшкіні шоғырланған аймақ, 93 шақырым автожол және демалыс күндері 3000-нан астам адам жиналатын туристік базалар мен шаңғы кешендері орналасқан.
«Қазселденқорғау» филиалының мамандары қар көшкінінің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 20 қар өлшеу бағытында жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде 160 қар өлшеу құрылғысы орнатылған. Мамандар қар көшкіні қаупін бағалау үшін қардың құрылымын, қалыңдығын және массасының жиналуын апта сайын зерттейді.
Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдардың бойында қар көшкіні қаупі туралы ескертетін арнайы белгілер мен плакаттар орнатылған.
Аймақта қардың қалыңдығы 5-тен 60 см-ге дейін өзгереді. Ең қалың қар Самар ауданы, Риддер қаласы, Глубокое ауданы мен Горная Үлбинка кентінде тіркелген.
Өткен қыста облыста 101 профилактикалық қар түсіру жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде қар көшкінінің жалпы көлемі 230 420 м³ болған.
ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев:
Қар көшкінінің түсуіне:
Қардың ұзақ жаууы;
Қардың тез еруі;
Ауа температурасының күрт өзгеруі;
Шаңғышылардың беткейлерді кесіп өтуі;
Қатты дауыс немесе айқай;
Беткейлерден сырғанау сияқты әрекеттер себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі