KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
530.12 546.08 5.17

Шығыста жылу жүйелерін жаңартып, жаңғыртуға 8 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған (видео)

9.12.2024, 13:18 67 Төлеуғазы Жансая

 

Тікелей эфирде өтіп жатқан Шығыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларына арналған кеңейтілген брифингте Риддер қаласындағы жылумен жабдықтаудың қазіргі жағдайы да брифинг барысында қозғалды. «Проблемалардың қайталану қаупі бар ма?» деп сауал қойған тілшілер болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін атқарылып жатқан шаралар туралы да сұрады.

- Мұндай жағдай қайталанбайды. Бұл жерде себеп – жетекші компанияның жауапсыздығынан болған. Он тоғыз шақырымды құрайтын жылу жүйелері жаңартылды. Биыл жылу маусымы ерте басталып, қаһарлы қыс түспей тұрып жүйне тексеріліп алынған болатын, - деді Ермек Көшербаев.

Расымен, Риддер қаласында жылыту маусымы ерте басталғанына халық куә. Қазіргі уақытта 5 қазандық агрегатына, 2 турбогенераторға және басқа да инфрақұрылымдарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. 1 қазандық агрегатында іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қалаларды жылумен жабдықтау белгіленген температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылатынын әкім жеткізді.

- Кешенді дайындықтың және алты қазандық агрегатына, екі турбогенераторға күрделі жөндеу жүргізудің және инфрақұрылымды жаңғыртудың арқасында Риддер тұрғындары осы қыста тұрақты жылу берілетініне сенімді бола алады, - деп қорытты аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу