“Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы” дөңгелек үстелі өтті
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты еске алу сағаты дөңгелек үстел түрінде өтті, деп хабарлайды Altaınews.kz тілшісі.
Жиынға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі мен Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімдері мен 10-сынып оқушылары шақырылды.
Мектеп оқушылары Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолы туралы мәселелерді талқылауға белсене қатысты.Жарыссөзге қатысушылар қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің жолдары мен тиімді тетіктерін ұсынып, тың ойлар мен идеяларды ортаға салды.
Шараның спикерлері тарих пәнінің мұғалімдері Тұрсын Жандос пен Ушакова Светлана болды.Шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» және «Самғау» қоғамдық бірлестігінің мүшелері де қатысты. Орындалған «Желтоқсан желі» әдеби-сазды композициясы қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Шараның соңында «Атамекен» әні шырқалды.
Ақерке Рағызбаева