Шемонаиха қаласында жылу магистраліндегі ақау жойылып жатыр: жұмыстар қалыпты режимде жүргізілуде (Видео)
Шемонаиха қаласында магистральдік жылу жүйесіндегі ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Усть-Таловский энергия цехының бастығы Андрей Вольновтың айтуынша, жағдай толық бақылауда, ал жөндеу бригадалары жылумен қамтамасыз етуді жедел түрде қалпына келтіру үшін бар күшін салуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Андрей Вольнов атап өткендей, бүгін таңертең құбыр желісіндегі қысымның төмендеуі тіркелген. Дефект орнын анықтау үшін дереу жөндеу бригадасы жұмылдырылған. Жұмыстар барысында ақау орны тез табылды. Оқиға орнында 7 техника және 12 маман жұмыс істеуде.
Ол сондай-ақ, жұмыс барысы ауа райының күрделі жағдайларында жүргізіліп жатқанын, яғни аязды күнде ыстық су шығуына бола орын алатын қатты буланудың өзі қосымша қиындық туғызатынын және бұл біраз уақытты қажет ететінін алға тартты.
Жұмыс орнында облыстық, аудандық әкімдік өкілдері, сондай-ақ ШҚО энергетика басқармасы мен басқа да тиісті қызметтердің мамандары бар.