KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

Ең бастысы – барлық күш пен ресурстар ақауды жоюға бағытталып отыр

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бүгін, 12:31 99 Төлеуғазы Жансая

 

 

 

 

Бүгін Шемонаиха қаласында магистральдік жылу жүйесінде орын алған ақауды жою бойынша шұғыл жұмыстар жалғасуда. Бұл жағдайға қатысты Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов түсініктеме берді, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

“Халыққа алаңдауға негіз жоқ. Ақау орны тез анықталды. Жылу тасымалдау қайта қалпына келтіріледі. Үйлер мен пәтерлерде әлі де жылу бар, өйткені жүйеден су толығымен ағытылған жоқ”, – деп атап өтті әкім орынбасары.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары нақты ақау ошағында жүргізілуде. Мамандар бұл жағдайды жоюға бар күшін салып, тұрғындардың қалыпты тұрмыс-тірлігін қамтамасыз етуге тырысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу