Алаңдауға себеп жоқ: Шемонаихада жылу магистралінде жұмыстар жүргізілуде (Видео)
Фото: Махаббат Ахметжанова
2024 жылғы 18 желтоқсанда таңертең Шемонаиха қаласындағы жылу магистралінде қысымның күрт төмендегені байқалды. 40 минуттан кейін су аққан жер анықталды және «Востокэнерго» ЖШС қызметі дереу жөндеуге кірісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шемонаиха ауданының әкімдігі жағдай жағымсыз болғанымен, айтарлықтай күрделі емес деп түсіндірді. Жауапты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде, жөндеуге 11 маман мен 4 техника жұмылдырылған. Күн райының келеңсіздігі мен қақаған аязға (-22 ° С) қарамастан, жөндеу жұмыстары жылдам және нық жүріп жатыр. Жылу трассасындағы әдеттегі қысым таяу сағаттарда қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Айтпақшы, негізінен әлеуметтік нысандарға автономды қазандықтар қызмет көрсетеді және жылу магистраліне тәуелді емес. Ал орталықтан жылытатын тұтынушы ғимараттардағы температура - қалыпты. Өңір басшылығы дәстүр бойынша жағдайды тікелей өз бақылауында ұстауда. Ақауларды жою орнына ШҚО әкімінің салалық жетекшілік ететін орынбасары келіп, жұмысты үйлестіреді.