KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
522.63 548.66 5.07

"Сергек" кетіп, "Мерген" келді. Жаңа камералар қалай жұмыс істемек? (Видео)

Бүгін, 18:40 46 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде қоғамдық қауіпсіздіктің цифрлық шараларын дамытуға арналған фото- және бейнефиксация жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

"Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық және жол бойы бейнебақылау жүйесін кеңейту және жаңғырту" жобасы аясында "Мерген" бақылау камералары жаппай іске қосылуда.

-Қолданыстағы 1700 жалпы бейнебақылау камералары мен интеграцияланған 1000 жалпы бейнебақылау камерасынан бөлек, қолданыстағы аппараттық-бағдарламалық кешендерді жаңғырту нәтижесінде босатылған 1900 жаңа камера және 1232 жалпы бейнебақылау камерасы орнатылуда. Енді облыс орталығындағы бақылау камераларының жалпы саны екі есеге өсіп, 5832 құрайды, - деді ШҚО АТО Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бөлімінің басшысы Нұркен Мұқаев.

Қазір Өскемен қаласындағы "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің 159 камерасы толығымен "Мергеннің" 243 жаңа камерасына алмастырылды.

-Мерген камералары көліктің жылдамдығын, жол ережелерінің бұзылуын ғана емес, көліктегі жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тағылуын және ұялы телефонмен сөйлесу сынды бұзушылықтарды да тіркейді, - деп қосты Нұркен Мұқаев.

Сонымен қатар, "Мерген" бақылау камераларының 24-і Риддер қаласында, 17-сі Алтай қаласында, ал жалпы бақылау камераларының 175-сі Риддер қаласында, Алтай қаласында – 260-сы орнатылуда.

Айта кету керек, аппараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен қоғамдық құқықтық тәртіп қызметі мамандары аз уақыт ішінде 140-қа жуық қылмысты ашып, 10 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап үлгерген. 


Ақерке Рағызбаева 
Фото, Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу