«Сергек» орнына орнатылған камералар толықтай мемлекеттің қарамағында
Цифрландыру бүгінгі таңда тек әлеуметтік прогрестің басты қозғаушы күшіне айналып қана қоймай, өмірдің барлық салаларында түрлі жобаларды жүзеге асыру құралы ретінде қолданылуда. Осы цифрландыру аясында Өскеменде 3100-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылып, бейнесараптау функциясы бар 300 жаңа камера қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба жүзеге асырылуда. Бейнебақылау жүйесін жаңғырту аясында видео-ағындарды интеллектуалды талдау үшін отандық O.P.E.R. бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.
- Өскемен қаласында 3100-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды, оған қоса стратегиялық нысандар мен көпшілік жиналатын орындарға сараптау функциясы бар 300 жаңа камера қосылды, — деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз